Алматылық полицей педофил ретінде күдікке ілінді

Алматыда 14 жасар балаға педофилия жасады, деген күдікпен полиция подполковнигі ұсталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Аталған ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растап, түсініктеме берді. Дегенмен күдіктінің аты-жөні мен басқа да ақпараттар ресми айтылған жоқ.

Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу Басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар анықталуда. Бұл іс Ішкі істер министрлігінің қарауында,- деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі. 
Ал ІІМ министрлігі ондай ақпарат жоқ екендігіні мәлімдеді.