Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды

Ресейлік оппозициялық бағыттағы саясаткер Алексей Навальный өмірден өтті, деп хабарлады Jurtmedia.kz  ria.ru агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол Ресейдің Ямало-Ненецк автономиялық округінде орналасқан №3 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан.

16 ақпанында № 3 түзеу колониясында жатқан Алексей Навальный серуеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінді. Мекеменің медицина қызметкерлері дереу көмекке келіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды, — делінген хабарламада.

Оған барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілгенімен, оң нәтиже бермеген. Дәрігерлер сотталушының қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің себептері анықталуда.

Навальный 2021 жылдың ақпанында ақша жымқыру ісі бойынша шартты түрде сотталған. Ол кейін жаза режимін бұзғаны үшін сот үкімі баса бостандығына айыру жазасына ауыстырылды.
Сонымен қатар өткен жылдың наурыз айында Мәскеудің Лефортово аудандық соты оны алдыңғы іспен бірге алаяқтық пен судяны  құрметтемегені үшін қатаң режимдегі колонияда тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
Алайда оппозиционер бұл үкімлдеормен келіспейц аппеляциялық шағым түсірген болатын Алайда, 2022 жылдың мамырында Мәскеу қалалық соты аудандық соттың шешімін заңды деп танып, маусым айында Навальныйды  №6 қатаң режимдегі түзеу колониясына ауыстырған.