Қайрат Сатыбалдыдан тағы да 44,6 млрд теңге қайтарылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат  Жұмағали Президент  Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен өткізген жедел кеңес кезінде айтты, деп хабарлайды Jurtmedia.kz.

Мемлекет басшысы атап өткендей, заңсыз шығарылған активтерді  қайтару инвестициялардың тағы бір көзі болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке бірер күн бұрын қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды,-деп жазды Антикордың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Айта кетейік жақында Антикордың  Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бауырына қатысты тағы бір қылмыстық істі тергеуді аяқтағандары туралы жазған болатынбыз.