Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырының үлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлады Jurrmedia.kz

Бұл туралы – ҚазТАГ агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Самат Әбіш қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған. Қаңтар оқиғасына дейін оның есімі бейресми түрде Қазақстан президенті лауазымына негізгі үміткерлер қатарында аталды. Қаңтар оқиғасы бойынша өткен түрлі тергеулерде Самат Әбіш қарапайым куәгер ретінде жауап берген болатын.

Айта кетейік өткен жылдың 19 қыркүйегінде Самат Әбіштің үстінен «Қаңтар оқиғасы» кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ол бұл күнде істі болып жазасын өтеп жатқан Қайрат Сатыбалдының туған інісі.