Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, — деп хабарлады Jurtmedia.kz.
Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.
Ол аздай прокурорлық тексеріс кезінде осы оқу орнына қатысты тағы бір қылмыстық жағдай анықталған.
Университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері ашылды. Екі іске де қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды, — деп жазды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, аталған Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын атасы Тілектес Есболов 2008- жылдан 2023- ші жылғы қыркүйекке дейін Басқарма төрағасы-ректор болған. Ол экс-президенттің екінші әйелі Әсел Исабаеваның әкесі.
Фото: ашық дереккөзден.