ақпарат ағыны

«Petrosun» компаниясына жарты млрд. теңге айыппұл салынды

Алматы қаласы прокуратурасы еліміздегі ірі жанар -жағар май жеткізуші  компания «Petrosun» ЖШС қызметінен үстемдік жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлады Jurtmedia.kz   Тексеру барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталды.  Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган…

Толығырақ...

Елімізге қажетті су қорының 46%-ы көршілес елдерден келеді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан су кеңесінің отырысында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Jurtmedia.kz  Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанның су қоры 102,3 текше шақырымды құрайды. Оның 54%-ы ел аумағында қалыптасады, ал қалған 46%-ы…

Толығырақ...

Президент жағдайды шұғыл реттеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылу және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп хабарлады Jurtmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.  Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті. Үкіметке…

Толығырақ...

Балқашта ондаған үй жылусыз қалды

Балқаш қаласында жылу құбырларындағы апат салдарынан 40-тан астам үй жылусыз қалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «9 желтоқсанда сағат 22.55-те Абай және Әбуғалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 630 миллиметр құбырдың жарылуы салдарынан Желтоқсан, Бейбітшілік, Сейфуллин, Абай, Макаренко, Молдағұлова көшелеріндегі тұрғын үйлерде жылу қысымы төмендетілді. Апатқа қаланың жылу желілерінің тозуы себеп болды, бұл көрсеткіш жалпы 75%-ды…

Толығырақ...