Қаржы мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЖК-OTAU KZ» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Сот шешімімен айыпты деп танылған сыбайластар азаматтардың тұрғын үй үшін үлескер ретінде салған қаржысын пиармидалық жолмен өзгелерге таратып пайда тауып отырған.
2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен бұл азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп жазды, — деп жазды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Ведомство қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді. Бұндай қылмыс үшін заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Коллаж: Ашық дереккөзден.