Биыл Астанада Президент тапсырмасы бойынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр,- деп хабарлады Jurtmedia.kz
Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммикациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Әкімнің айтуынша 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа жүйе жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, кептеліс санын азайтуға және т.б. мүмкіндік береді.
Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиындықты реттеді. Мысалы, Мәңгілік ел даңғылында көлік кептелісі 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі сәйкесінше 15%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ, Түркістан, Ақмешіт және т.б. көшелердегі кептеліс азайды. Келер жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуды жоспарлап отырмыз, — деді Астана әкімі.
Айтматов көшесі ашылғаннан кейін Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылында көлік ағыны айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде көлік кептелісі 12%-ға азайды.
Сонымен қатар, шағын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тас жолының ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмысы келер жылы басталады.
Сол сияқты биыл 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды – олардың 300-ден астамы пайдалануға берілді. Қалғанын 2024 жылдың 1 тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған барлық шара қозғалысы қарқынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.