Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі 16 өңірде дабылды ескеру жариялады, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 21 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Фото: Ашық дереккөзден