
Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Жаңа басшы қаржылық бақылау органдарындағы жұмысын 1993 жылдан бастаған. Ол бұған дейін Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарған деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Төлеген Сәрсембаевты таныстырды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді….