
Легионерлерді бюджет есебінен «асырауға» тыйым салынды
Шетелден келген спортшыларға ел қазынасынан ақша төлеуге біржола тыйым салынды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Тоқаев әзірде ғана тиісті заңға қолын қойып, мөрін басты. Қаражат тек халықаралық додаларда нәтиже көрсеткен, Олимпиада, Паралимпиада жеңімпаздары және ұлттық спорт түрлеріне бағытталады. Легионерлерге төленген миллиардтар енді ауыл-аймаққа бөлініп, спорт мектептеріне, жас таланттарды қолдауға жұмсалады деген үміт бар.