
Елімізге БҰҰ Бас хатшысы келеді
3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Бұл туралы Aqorda жазды. Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізізеді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді,-делінген дереккөз таратқан ақпаратта. …