
Астанада қылмыстық топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар атына автонесиелер рәсімдеген
Тергеу барысында қаскүнемдер азаматтарды көндіру арқылы екінші деңгейлі банктерде жоқ автокөліктерге заңсыз автонесиелер рәсімдегені анықталды,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы мәлімдеді. Олардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асты. Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топтың әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілер кредиттік міндеттемелер бойынша қарыз болып…