Алматы мен Қаскелең арасындағы жол сегіз жолақты болады
Бұл туралы Алматыға жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Ведомствоның ресми сайтындағы мәлімет бойынша бұл жоба Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі. Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына…