Home Blog Page 8

Путин: Бүкіл Украина біздікі…

0

Президент Путин Петербор форумында Украина туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Орыс пен украин бір туған. Осы тұрғыдан қарағанда бүкіл Украина біздікі», – деді ол.

Сонымен қатар, ресейлік әскерилер басып кірген жердің бәрін «өз жері» деп санайтынын жеткізді.

«Орыс солдатының табаны тиген жердің бәрі… біздікі», – дейді Кремль көсемі.

Соған қарағанда соғыс жуық арада аяқталмайды. Мәскеудің агрессиялық саясаты Киевпен қана шектелмесі анық сезіліп тұр.

Қазақстан стратегиялық кенішті өз қолына алды…

Қазақстан уранға бөгіп жатқан “Буденов” кенішінің бақылауын толықтай өз қолына алды деп жазады JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы Ertenmedia сайтына сілтеп.

Бұған дейін кен орнын басқаруда “Росатомның” келісімі қажет еді. Енді негізгі шешім қабылдау құқығы Қазақстан тарапына өтті.

Келісімнің егжей-тегжейі “Самұрық-Қазынаның” есепті құжатында жарияланған. Қазақстан кенішті басқару тетігін өзіне қайтару үшін ешқандай төлем жасамаған.

Ресми үлес бұрынғыдай 51 пайыз күйінде қалғанымен, енді кеніштің жұмысын реттеу (өндірістік шешім қабылдау) үшін Мәскеудің мақұлдауын күтіп отырмаймыз. Бұрын екі тарап міндетті түрде келісіп шешкен мәселелерді ендігіде Қазатом көпшілік дауыс негізінде өз бетінше қабылдай береді.

Өндірістік бақылаудың Қазақстанға өтуіне байланысты бірлескен кәсіпорындағы отандық үлестің нарықтағы құны қайта есептеліп, нәтижесінде ел бюджетіне бір реттік 295,7 млрд теңге пайда түскен.

Осы мәміле бойынша бірлескен кәсіпорын активінің бағалау құны да өсіп, қазіргі нарықтық бағасы 707,1 млрд теңгеге жетті.

Кеніштің стратегиялық маңызы зор. Жалпы қоры 114 мың тонна уранға бағаланып отыр. Бұған дейін “Қазатом” осы кеніштің 18 мың тонна ураны бар қосымша учаскесін пайдалануға құқық алған.

“Буденов” уран кеніші Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан. “Росатом” кеніштің 49 пайыз акциясына иелік етеді.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша ресейлік алпауыт “Самұрық Қазынаға” 1,6 млрд доллар санап берген. Келісімді “Газпром” қаржыландырған. Орыстар 2045 жылға дейін кеніштің қызығын көрмек. “Буденовтегі” барланған уран қоры 250 мың тоннадан асып жығылады.

Осыдан екі жыл бұрын Bloomberg “Қазатомпромның” экс-басшылығы: бас директор Ғалымжан Пірматов, басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов, бас операциялық директор Асылан Бөлекбай және басқа да топ-менеджерлер кенішті ресейлік монополиске сатуға қарсы болғанын жазған еді.

Себеп: құпия, астыртын жасалған келісімнің мән-жайы белгілі болса, таяқтың бір ұшы өздеріне тиеді деп алаңдаған. Ресейлік монополиспен келіссөз жабық есік жағдайында жүрген.

Президент құқық қорғау орындарына талдау жасауға бір апта уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесіне бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауға тапсырма берді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы, Aqorda.kz -ке сілтеме жасап

Бұл туралы Президент құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қателік немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек. Сондықтан менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек. Барлық түйткілдерді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл – өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз – айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!,-деді Қ. Тоқаев. 

Тоқаев: Жеті жарғы Ұлы даланың конституциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы, Aqorda.kz -ке сілтеме жасап.

Президент өз сөзінде елдегі құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажет екенін ерекше атап өтті.

Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл – ауқымы кең маңызды міндет. Енді осы жұмыстың негізгі басымдықтарына тоқталайын.

Біріншіден. Біз «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек. Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Бұл – біздің қанымызға сіңген қасиет,-деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар ол ұлтымыздың терең  тарихына шолу жасай келе, Бір кездегі Тәуке ханның жеті жарғысы Ұлы даланың ата заңы болғанына тоқталды.

Түрік қағанаты, Алтын Орда мен Қазақ хандығы мықты мемлекеттік құрылымы, бірегей құқықтық жүйесі бар қуатты ел болғаны бәрімізге аян. Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысын Ұлы даланың конституциясы деуге болады. Атадан балаға жалғасқан бұл заңдар мемлекеттілік дәстүрін нығайта отырып, қоғамдық дамуға ерекше ықпал еткен. Ұлы далада еркіндік пен әділдік, ар-намыс пен адамгершілік, тілеулестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұрған.
Сондықтан «Заң және тәртіп» қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді. Біз ата-бабамыздың бірегей құқықтық мұраларын мұқият зерделеп, жан-жақты насихаттауымыз керек. Бұл – халқымыздың құқықтық сана-сезімін арттыратын маңызды фактордың бірі,-деді Мемлекет басшысы.

Елордада бокстан Әлем кубогы өтеді

30 маусым мен 6 шілде аралығында бокстан ерлер және әйелдер арасында Әлем Кубогы Астанада өтеді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Жарысқа 30 елден 300ге жуық боксшы қатысады. Бұл – Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы. Жыл бойы бірнеше кезеңмен өткізілетін Әлем кубогі рейтингілік сайыс болып саналады. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300 ұпай, екінші орынға 200 ұпай, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогінің басталуына 2 апта қалғанда командалар Астанаға келе бастады. Оған себеп – бірлескен оқу-жаттығу жиыны. Біраз жылдық үзілістен соң Қазақстанға АҚШ, Канада бокс құрамалары ат басын бұрды. Қазіргі уақытта Америка мен Канададан бөлек бас қалада Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзербайжан және Қазақстан құрамасы бірлесіп дайындық жүргізіп жатыр. Қонақтардың қатарында нәтижелі боксшылар аз емес – 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Васили Лкадири (Франция), 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонсалес (АҚШ), 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Билляль Беннама (Франция) және тағы басқалары,-делінген дереккөз берген ақпаратта.

Қазақстан командасы Әлем кубогіне үздік құраммен қатысады. Оның ішінде әлем чемпиондары, Олимпиада Ойындарының жүлдегерлері бар. Толық құрам қазіргі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша жасақталады.

Бокс бәсекесі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында ұйымдастырылады. Ашылу салтанаты 30 маусым 13:00-де, ақтық жекпе жектер 6 шілде 14:00-де өтеді.

Астанада жас жігіт бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, інісін пышақтаған

21 жастағы жігіттің қолымен жасалған қылмыс елордадағы Millenium Park тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы пышақ жарақатын алған жасөспірімнің жағдайы әлі де ауыр екенін мәлімдеді.

Пациентті жедел жәрдем бригадасы №2 қалалық ауруханаға жеткізді.  Арқа тұсынан пышақ жарақатын алған 2009 жылы туған жасөспірімді жедел хирургия бөліміне жатқызды. «Жағдайы әлі ауыр», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Күдікті өлтірген қыздың інісіне шабуыл жасағаннан кейін оқиға болған пәтерге қайта оралып, ішінен жауып алған. Біраз уақыттан соң  полицияға берілді.

Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: ғаламтордан

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жаcады

Жаз айларында күннің қызуы мен жылы ауа райымен қатар, денсаулыққа қауіп төндіретін бірқатар факторлар да артады,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша бұлар: денеге шектен тыс қызу өтуі, сусыздану (дегидратация), тамақтан улану, судағы жазатайым оқиғалар мен жәндіктердің шағуы.

Осыларды ескере отырып Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы төменлегі жағдайларды ескертеді:
Ведомство өкілдері ел азаматтары үшін қарапайым, бірақ тиімді шараларды сақтау денсаулықты сақтауға және демалудан тек жағымды эмоциялар алуға көмектесетін атап өтті.

Жылу мен сусызданудан қорғаныңыз

Күннің ең ыстық уақыты (сағат 11:00 мен 16:00) аралығында далада ұзақ болудан аулақ болыңыз.
 Ашық түсті, жеңіл киім киіп, бас киімді ұмытпаңыз. Су ішуді шөлдеуді күтпей бастаңыз.
 Алкоголь мен тәтті газдалған сусындар дегидратацияны күшейтеді — олардан аулақ болыңыз.

Күннен қорғану:

Жоғары SPF деңгейі бар күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз, әсіресе жағажайда немесе таулы аймақта болғанда.
 Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киіңіз.
Күннен күйіп қалу — тек терінің зақымдануы ғана емес, болашақта тері обырының қаупін арттыратын фактор екенін есте сақтаңыз.

Суда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
Алкоголь ішіп суға түсу — аса қауіпті. Тіпті тәжірибелі жүзушілер де қиын жағдайға тап болуы мүмкін.

Тамақтану мен гигиена ережелерін сақтаңыз:
Жазда тамақ тез бұзылады.
Тек жаңа дайындалған тағамдарды тұтынып, оларды дұрыс жағдайда сақтау аса маңызды.
Күмәнді жерлерде көшеде тамақтанудан аулақ болыңыз. Табиғатта немесе жолда жүргенде, тамақ ішер алдында қолыңызды жуыңыз.

Жәндіктердің шағуынан сақтаныңыз
Кенелер мен масалар көп болатын аумақтарда репелленттер қолданыңыз.

Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, серуеннен кейін денеңізді мұқият қарап шығыңыз.

Қарапайым ережелер — қауіпсіз демалыстың кепілі!
Жазғы күндер пайдалы әрі қауіпсіз болуы үшін осындай сақтық шараларын есте ұстаңыз.
Күн, ауа, су — сізге тек пайда әкеледі, егер сіз оларға ақылмен қарасаңыз.
Өзіңізді қорғаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз және демалысты шынымен де пайдалы өткізіңіз!

 

Фото: Дереккөзден.