Ресейден елімізге ірі көлемде тауық жұмыртқасы заңсыз кіргізілмек болған

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына ветеринариялық құжаттарсыз 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізу әрекетінің жолы кесілді,-деп деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жайсаң» ветеринариялық бақылау бекетінде ҚР АШМ ВБҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында көліктегі жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады.

Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.

Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика