Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ол бұған дейін Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бүгін ол Президент өкімімен еліміздің сыртқы саясатнна жауапты ведомствоға жауапты қызметке келді.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.

Ол 1972 жылы Алмата қаласында дүниеге келген.

1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы

1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері

2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс

2008-2011жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі

2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі

2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы

2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2019–2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушысы

2020 ж. қыркүйек айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика