Кезінде қоғамда үлкен дүмпу тударып артынан сарбаз Александр Челахтың өмір бойына сотталуымен аяқталған «Арқанкерген» оқиғасына тұңғыш президенттің туған бауыры марқұм, Болат Назарбаевтың қатысы болуы мүмкін,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Democrat.kz. сайтының жазуынша, әлеуметтік желіде «Арқанкерген» оқиғасында қаза тапқан сарбаздардың бірі Денис Рейдің анасының осы дерекке қатысты видеосы тараған.
Марқұм шекарашы Денис Рей «Арқанкерген» оқиғасында көз жұмған еді. Денистің анасы сол қаралы түні «Арқанкергенде» оқиға қалай өрбігені туралы өз нұсқасын айтты.
Дәл сол күні «Шекарашылар күні» болды. Болат Назарбаев өзінің нөкерлерімен сол жаққа «Шекарашылар күнін» тойлауға келеді. Оларға не істесе де бола беретін байлар ғой. Менің ойымша, ол жерге орман күзетшісін бекерге қоймаған. Бірінші сол күзетші өлтірілген болуы мүмкін. әлгілер ол жерде көзіне түскен затттың бәріне оқ атқан. Ал біздің балаларымыз қас қылғанда, сол сәтте сол жерде болып қалған,-дейді марқұм сарбаздың анасы.
Денис Рейдің анасы сол кезде билік екі күн бойы сұмдық оқиға туралы ел алдына шығып, ештеңе айтпауының себебіне де өз болжамын айтты. Оның айтуынша, олар осы күндерде оқиға орнындағы күдікті заттың бәрін тазалаған болуы керек.
Айта кетейік «Арқанкерген» оқиғасы 2012 жылдың 31 мамыр күні Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болды. Сол күні Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Сары бөктер» заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды. Аман қалған 15-ші шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. Артынан ол осы оқиғаға тікелей кінәлі деп танылып, сот шешімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Коллаж: Мұхит Сапарбаев/ekaraganda.kz
