Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетпек

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сапар жайлы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Делегация құрамына «Самрұқ-Қазына» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ меморгандар мен квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері енді.

Сапардың басты оқиғасы корольдіктің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Аль Саудпен келіссөздер болды. Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге басымдық бере отырып, қазақ-сауд серіктестігінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты қарастырды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара сыйластық, сенім және стратегиялық бірін-бірі толықтыру қағидаттарына негізделген екіжақты қатынастардың қарқынды серпінін атап өтті. Басты назардың шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге және ынтымақтастықты нақты өзара тиімді жобалармен толықтыруға бағытталғандығы расталды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика