Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы дайындалды

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады,  деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында қаралды.
🔹Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.✔️

Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді Б. Нұрмұханов.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары, өз баяндамасында, бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдауына ие болғанын атап өтті.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика