Агрессиясын тойтаруға жұмылдырылған: Украина билігі Қазақстанның айыптауына жауап берді

Фото: Envato

Украина СІМ-і Каспий құбыр консорциумының айлақ құрылғысына жасалған қалқымалы дрондар шабуылынан кейін Қазақстан наразылығына жауап берді. Ведомство біздің елдің алаңдаушылығын ескеретінін айтты, бірақ Украина әрекеттері Қазақстанға немесе басқа үшінші тараптарға қарсы бағытталмағанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Jurtmedia порталы. 

Сыртқы істер министрлігі Украина Қорғаныс күштерінің соққылары тек Қара теңіз аймағындағы тұрақсыздандыруға жалғыз себеп болып отыр деп санайтын Ресейді әлсіретуге бағытталғанын мәлімдеді.

«Украинаның барлық күш-жігері Ресейдің ауқымды агрессиясын тойтаруға жұмылдырылған. Нақты есептелген және стратегиялық негізделген қорғаныс операциялары аясында Украина Қорғаныс күштері агрессордың әскери-өнеркәсіптік әлеуетін жүйелі түрде әлсіретіп, оның қылмыстық басқыншылық соғысты жүргізуге және біздің адамдарымызды өлтіруге қажетті құралдарынан айырады. Украина агрессордың соққылары мен шабуылдарына жауап ретінде әрекет етеді», — делінген СІМ хабарламасында.

Украина сондай-ақ Қазақстан тарапынан Ресей Федерациясының Украина тұрғындарына, үйлеріне, азаматтық инфрақұрылымына және энергетикалық жүйесіне, соның ішінде украин атом электр станцияларының қосалқы станцияларына жасалған соққыларын айыптаған мәлімдемелер болмағанын атап өтті.

Ведомство күш-жігерді Ресейді соғысты тезірек тоқтатуға мәжбүрлеуге бағыттауға шақырды.

«Қорытындылай келе, қазақ халқына деген өзгермейтін құрметімізді және Қазақстан Республикасымен достық әрі прагматикалық қатынастарды дамытуға ниетті екенімізді растаймыз. Бұл байланыстар халықтарымыз арасындағы тарихи тұрғыдан берік қарым-қатынастар деңгейіне сай келеді», — деп атап өтті Украина СІМ.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика