Тоқаев Ақордада Пашинянды салтанатты түрде қарсы алды

Фото: Ақорда

Ақордада Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшы мен Армения Премьер-министріне сәлемдік баянат берді.

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Кейін Армения Премьер-министрі Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

 

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика