Фото: Ұлдана Мырзуан инстаграм парақшасынан
Президент Астанада үстіне кондиционер құлап қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», — делінген хабарламада.
