Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
«Мемлекет басшысын «Ташкент-Хумо» әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барған еді.
