Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы қазақстандықтар табысын қайда жұмсайтыны туралы деректерді жарыққа шығарды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сарапшылардың бағалауынша, халықтың табысымен қатар, шығындары да үздіксіз артып жатыр екен. Ең назар аударар тұс – халық қолда бар қаржысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсауда.
Бұл нені білдіреді, жұртшылықтың қомағайлығын ба, әлде инфляцияның бас бермей кеткенін бе?