2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп түрлі деңгейде қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 1949 азаматты ұстады, – деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ведомство таратқан деректі Polisia.kz сайты жариялады. 844 күдікті ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттерде бой тасалап жүрген.
Олардың ішінде: адам өлтіру бойынша – 43;
қарақшылық шабуыл бойынша – 22;
денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37;
зорлау бойынша – 6;
тонау бойынша – 68;
бопсалау бойынша – 21;
ұрлық бойынша – 484;
есірткі қылмысы бойынша – 91.
ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттерден 844 қылмыскер ұсталды. Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды, — делінген дереккөз таратқан мәліметте.
Сонымен қатар, қаңтар айының басында Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол өткен жылдың қараша айында қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атып кеткен.