Каспи теңізіне батып кеткен ер адамның денесі табылды

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар ер адамның денесін қаладан 65 шақырым жерде орналасқан демалыс орталығының маңынан тапқан,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінен бір қызметкер, тоғыз құтқарушы, үш техника және үш су көлігі, сондай-ақ Ұлттық гвардиясының 3502 әскери бөлімінен төрт сүңгуір мен техника және алты әскери-теңіз сүңгуірі қатысты.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 21 маусымда Ақтаудан 56 шақырым жерде орналасқан жағалауда болды. Алдын-ала болдам бойынша, 27 жастағы ер адам Каспий теңізінің тыйым салынған бөлігінде шомылып жүргенде суға батып кеткен.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика