Талғарда каналға ағып кеткен ер адам құтқарылды

Алдын ала мәлімет бойынша, 1992 жылы туған ер адам абайсызда суару каналына құлап кеткен, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы. 

Қатты ағыс оны шамамен 3,5 шақырым жерге дейін ағызып әкеткен.

112 пультіне Алматы облысы, Талғар ауданының Кендала ауылында болған жазатайым оқиға туралы хабарлама таңертеңгілік келіп түскен.

Ол №5 саяжай алқабы маңында орнатылған құтқару арқанына жармасып, құтқарушылардың көмегін күткен.

Құтқару операциясын жүргізу үшін ТЖМ қызметкерлері «Талғар» гидроторабының мамандарымен жедел өзара іс-қимыл жасады.

Каналға су беру уақытша тоқтатылып, су ағыны Талғар ирригациялық жүйесінің шлюзі арқылы Талғар өзенінің арнасына бағытталды. Құтқарушылар ер адамды эвакуациялап, қызметтік автокөлікпен Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізді. Онда оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді,-делінген Алматы облысы ТЖД таратқан ақпаратта

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика