Екі бірдей қытайтанушы ғалым жоғары марапатқа ие болды

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев шығыстану ғылымына қосқан елеулі үлестері үшін белгілі ғалымдар Дүкен Мәсімханұлы мен Айнұр Әбиденқызын жоғары мемлекетік марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Президент аталған ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапат олардың ұзақ жылғы іргелі ізденістері мен табанды еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті.

Филология саласының қытайтану бағытын терең зерделеп, қазақ тарихына қатысты тың деректерді жинақтауға, мәдени құндылықтарымызды насихаттауға, екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтуға сіңірген айрықша еңбектері үшін Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін, сондай-ақ ғалым, филолог Айнұр Әбиденқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын берілсін, — делінген Президент жарлығында.

Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына бақ-береке және шығармашылық табыс тіледі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика