Наурызнама: Бүгін Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз елімізде Наурызнама онкүндігінің аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.📌

Мерекеге орай республикалық мәдениет ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Солардың қатарында Астанадағы ҚР Ұлттық орталық музейінде «Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль өтуде.

Ал Мәдениеттерді жақындастыру орталығында «Мәдениет пен дәстүр – ұлт болмысының негізі» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Астанада Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Мәдениет күні – мәдени мұра кеңістігі» атты мерекелік бағдарлама өтуде. Бұл жобалар халықтың мәдени кодын қалыптастыратын тарихқа, дәстүрлерге және ұлттық құндылықтарға арналды.

Бұл күні мерекелік іс-шаралар еліміздің өңірлерін де кеңінен қамтыды. Ақтөбе облысында ұлттық өнер мен дәстүрлерді дәріптейтін «Жыраулар жолымен» мәдени жобасы мен «Dastur-fest» фестивалі ұйымдастырылды.

Ақмола облысында көрермендерге «Көктем-керуені» атты ұлттық-танымдық бағдарлама ұсынылды. Ал Қарағанды облысында «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты тарихи-этнографиялық кеш, digital форматтағы байқау және «Nauryz: Inspired by Traditions» фестивалі өтуде.

Маңғыстау облысында халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылуда.

Фото: Мәдениет және ақпарат министлігі баспасөз қызметінен.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика