Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстарды шұғыл түрде тоқтату қажет деп мәлімдеді,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы қытайдың жергілікті Синьхуа агенттігі жазды.
Оның айтуынша, мұндай шешім жағдай бақылаудан шығып кетпеуі және қақтығыс басқа елдерге таралмауы үшін қабылдануы керек.
Бұл ешқашан болмауы керек соғыс және ешкімге ешқандай пайда әкелмейтін соғыс, деді Ван И.
Бұл мәселені күшпен шешу мүмкін емес; дұшпандық әрекеттер жаңа жеккөрушілікті тудырады және онсыз да шиеленіскен жағдайды ушықтырады, деді.
Ван И Иранды қоса алғанда, Парсы шығанағы елдерінің егемендігі, қауіпсіздігі және аумақтық тұтастығы құрметтелуі және бұзылмауы керек, деді. Иран мен Таяу Шығысты қоршаған жағдайды дұрыс шешудің негізгі қағидаттарын белгілеп.
Дипломат, күш қолданудан бас тартудың маңыздылығын атап өтті. сонымен қатар АҚШ-ты Таяу Шығыс елдерінің ішік мәселесеніен араласпауға шақырды.
Күшті жиі қолдану ұлылықты дәлелдей алмайды және бейкүнә адамдар соғыстың құрбанына айналмауы керек. Таяу Шығыс халықтары — бұл аймақтың шынайы қожайындары, ал аймақ елдері Таяу Шығыс мәселелерін өз бетінше шешуі керек, деп атап өтті Ван И.
«Түрлі-түсті революциялар мен режимді ауыстыру әрекеттері қолдау таппайды», — деп қосты ол.
Ол сонымен қатар бұндай өзекті мәселелерді саяси тұрғыдан шешудің маңыздылығын атап өтті.
Барлық тараптар келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек оралуы, тең құқылы диалог арқылы келіспеушіліктерді шешуі және ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш салуы керек, — деді Қытай сыртқы істер министрі.
Ван И ірі державаларды әділеттілік қағидатына сәйкес әрекет етуге, дұрыс жолмен жүруге және Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен дамуды ілгерілетуде оң рөл атқаруға шақырды.
Қытай Таяу Шығыс елдерімен бірлесіп, адамзаттың әл-ауқаты мен әлемдік бейбітшілік үшін қалыпты жағдайға қайтару жолында Жаһандық қауіпсіздік бастамасын жүзеге асыруға дайын, деді ол.
