Астанадағы Сарайшық ауданы прокуратурасы «Адам арманы» үй кешені тұрғындарының ауланы абаттандырудың жоқтығына қатысты шағымын заңдық жолмен шешілуіне ықпал жасады,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Құрылыс салушы бекітілген сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарына қарамастан, бүгінгі күнге дейін паркингтің гидрооқшаулауын жүргізбеген, пандусқа қоршау және ойын алаңын орнатпаған.
Мәселені шешу мақсатында прокуратура сотқа талап арыз беріп, құрылыс салушыны ауланы абаттандыруға және үйді тиісті пайдалануға беруге міндеттеуді сұрады. Сот талап арызды қанағаттандырды, сот шешімі күшіне енді.
Қазіргі уақытта, құрылыс салушымен барлық кемшіліктер жойылды. Атқарылған жұмыс тұрғындар тарапынан оң бағаланды.
