Оқиға Қарағанды облысы, Шет ауданы аумағындағы тас жолда болған,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің жазуынша, жүргізушісі көлік ішінен уақытында шығып үлгерген.
Қарағанды облысының Шет ауданындағы Жаңаарқа ауылы мен Көктенкөл ауылдық округі арасындағы жергілікті жолда жол-көлік оқиғасы болды. Хабарламада тас жолда жүк көлігі өртенгені айтылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дейінгі 60 шақырымды жүріп өтіп, өртті мүмкіндігінше тез сөндірді,- делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің жұма күнгі мәлімдемесінде.
Зардап шеккендер жоқ.
