Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі елдің Нахчыван әуежайы мен мектеп ауласына түскен Ирандық дрондарға қатысты жауап ретінде арнайы мәлімдеме жасады,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Елдің қауіпсіздігіне жауапты министрлік Иран тарапынан жасалған шабуылдар жауапсыз қалмайтынын атап өтті.
Әзірбайжан армиясы жоғары жауынгерлік дайындықта және ұлттық мүддеге нұқсан келтіретін қадамдарға жол бермейді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Иран қарулы күштерінің ешқандай әскери қажеттіліксіз еліміздің азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды. Болған оқиға үшін жауапкершілік толығымен Иран Ислам Республикасына жүктеледі», — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, ол елдің әскері мемлекеттік шекара мен аумақтық тұтастықты қорғауға қауқарлы екенін атап өткен.
