Өткен жылы қатерлі ісіктен қайтыс болу көрсетікіші 14%-ға төмендеді

Осындай мәліметті Алматыдағы аймақтық көпсалалы клиника дәрігерлері БАҚ өкілдерімен өткен кездесу кезінде айтты, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Дәрігерлердің айтуынша 2025 жылы емханада жүргізілген онкологиялық қызметтің жұмысы оң нәтижелер көрсеткен. Дерттің диагностикасының ертерек анықталу санының артуы, өлім-жітімнің төмендеуі және скринингтік бағдарламалардың тиімділігі жүйелі жұмыстың нақты көрсеткіші болған.

Дәрігерлер қазіргі таңда елімізде онкологиялық дертпен диспансерлік есепте тұрған науқастар саны 240 мың адамға жетті деген мәлімет ұсынып отыр.

2025 жылдың өзінде елімізде 41 мыңға жуық азаматқа алғаш рет қатерлі ісік диагнозы қойылған.

Қатерлі дертке табанды түрде Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі қолдаулардың арқасынеда дәл осы ауру түрінен қаза болғандар көрсеткіші 14%-ға төмендеді.

Клиника директорының орынбасары Игор Новиковтың келтірген мәліметінше, Жалпы Алматы аймағының халық саны – 1 586 875 адам. Клиникада онкологиялық есепте 12 285 науқас тіркеуде тұр. 2025 жылы жаңадан 2 222 науқас есепке алынды. Өкінішке орай осы кезеңде 716 пациент аталған дерттің салдарынан көз жұмған.

Скринингтік бағдарламалар нәтижесі бойынша 2025 жылы:

  • Сүт безі обыры – 74 000 әйел тексеріліп, оның 160-нан қатерлі ісік анықталды;
  • Жатыр мойны обыры – 62 000 әйел тексеріліп, 36 жағдай тіркелді;
  • Колоректалдық (тоқішек) обыр – 90 000-ға жуық адам қамтылып, 34 ісік анықталды.

Жалпы скрининг нәтижесінде 230 обыр жағдайы және мыңдаған обыр алды өзгерістер анықталды.

  Клиниканың мамолог дәрігері Дәулет Есқожаұлының айтуынша, өткен жылы жылжымалы медициналық кешен арқылы 13 мыңнан астам зерттеу жүргізіліп, шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет қолжетімді болды. Нақты айтқанда, 32 науқасқа қатерлі ісік диагнозы қойылды, 290 науқастан қатерлі ісікктің ықтималдығы анықталған.  сонымен қатар 490 науқастан обыр алды аурулары анықталды.

Колоректалдық қатерлі ісік дертімен өткен жылы 172 науқас тіркелген, оның ішінде 1–2 сатысында – 111 науқас жыл соңында осы дерт түрімен есепте тұрғандар – 892 адам.

Сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігі бойынша да статистика көңіл көншітпейді. Мысалы өткен жылы жаңадан тіркелген науқастар саны – 319 болған. Оның ішінде 1–2 сатысында анықталғаны – 294 науқас. Жыл соңында есепте тұрғандар – 2 691 адам.

Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша дерек:

  • 2025 жыл бойынша жаңадан тіркелгені – 119 науқас;
  • 1–2 сатысында анықталғаны – 112 науқас;
  • Жыл соңында есепте тұрғандар – 1 188 адам.

Пациенттерді уақытылы бағыттау мақсатында “жасыл дәліз” жүйесі жұмыс істейді. Оған 112 жалпы практика дәрігері тартылған. Бұл диагноз қою мерзімін қысқартып, мамандандырылған көмекке қолжетімділікті арттырды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика