Астанада қос қабатты ғимараттан өрт шықты

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 270 шаршы метр аумақты шарпыған.

  Алғашқы бригадалар келген кезде ғимараттың шатырында ашық өрт анықталды. Өртті сөндіру орталығы құрылды, үш өрт сөндіру бекеті іске қосылды және үздіксіз сумен жабдықтау қамтамасыз етілді. Газ бен түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын жүргізді, -делінген ТЖМ берген ақпаратта. 

Тілсіз жауды ауыздықтау операциясы кезінде сегіз дана газ баллоны қауіпсіз  аумаққа шығарылды.  Өрт сөндірушілердің үйлесімді күш-жігерінің арқасында оттың көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика