Бұған дейін Мәжіліс депутаты және АMANAT партиясының Мәжілістегі фракциясына жетекшілік еткен Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,- делінген ақорда таратқан мәліметте.
