Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Пәкістанның Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Президенттің баспасөз қызметінің жазуынша, мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

