«Қазгидромет» ел аумағында дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 02 ақпанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары бойынша тұрғындарға дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бүгін Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түнге қарай Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, облыс орталығы Өскеменде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігінде көктайғақ болады.   

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысындаоңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 02 ақпанда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Оралда көктайғақ, тұман күтіледі.

Павлодар облысыныңбатысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды қаласында да тұман, түседі

  Ұлытау облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысыныңбатысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Атырау облысында түнге қарай батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Таразда да кей уақыттарда тұман түседі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика