«Қазгидромет» мекемесі мен Төтенше жағдайлар министрлігі сенбі күнгі ауа райы болжамына сәйкес ел аумағының біраз бөлігінде дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Атап айтқанда, Алматы, Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында қалың тұман түседі деп болжанып отыр.
Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Қостанай облыстарында қар жауып, дауылды боран соғады.
Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауған қар мен бораннның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін деп ескертті төтеншеліктер.
