Елордада салалық журналистиканы дамыту мәселелері талқыланды

Астанада Салалық журналистиканы дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Комиисия отырысын Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.

Жиында салалық журналистика мамандарын даярлау, дуальды оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ журналистикада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті қолдану мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша салалық журналистиканы дамытуға арналған бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Сонымен қатар, салалық министрліктер мен жоғары оқу орындарымен бірлесіп дуальды оқыту жүйесін енгізу және жасанды интеллекті қолдану үшін тиісті шаралар қабылданды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика