Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында қаралды.
Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.
Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді Б. Нұрмұханов.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары, өз баяндамасында, бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдауына ие болғанын атап өтті.
