Аяғы кісі өлімімен аяқталған жолға талас кезінде болған төбелеске кінәлі тұлғаларға Шымкент полицяиясы іздеу жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиға кеше үшінші мегаполистегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған еді.
20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында автокөлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал туындап, оның барысында қатысушылар пышақ жарақатын алды. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қаласының ПД күдікті тұлғалардың жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына ПД-ның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды, – делінген жергілікті ПД берген ақпаратта.
Фото: Казачков телеграмм каналындағы видеодан алынды.
