Тәуелісз Қазақстанның тұңғыш муфтиі, белгілі дінтанушы ғалым, Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қаралы хабар туралы белгілі жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ережеп айының соңғы жұма күнінде, миғраж кеші өткен соң Қазақ Елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш бас мүптиі, ҚМДБ-ның ең алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлының (1940-2026) бұл пәни жалғандағы соңғы демі үзіліп, раббысына қайтыпты,- деп жазды ол.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым.
