Жаттығу кезіндегі атыста балтырына оқ тиген сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиға 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өткен кезекті Оқу-жаттығу кезінде болған.
5571 әскери бөлімнің оқу полигонында жоспарлы жаттығу аясында атыс өткізілген кезде 2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік ережесін бұзып, АК-74 атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жаралаған.
Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
