Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы норма 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.
Бұл шешім қазіргі макроэкономикалық жағдайларды ескере отырып, ипотекалық кредиттердің құнын реттеуде теңгерімді көзқарасты қамтамасыз ету үшін қабылданды. Бұл халыққа қарыз қаражатының қолжетімділігі мен банк секторының тұрақтылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, делінген дереккөз берген ақпаратта.
