Жетісу облысында Мәдениет үйін жөндеуге бөлінген қаржыға қатысты тергеу басталды

2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында күрделі жөндеуден өткізуге 753 млн теңге сомасына шарт жасалған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге жасалған шарт бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде,

Шарт талаптарына сәйкес мердігер жұмысты 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтауы тиіс болған, алайда нысан осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген. Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлем жүргізілген бірқатар жұмыстардың нақты орындалмағаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 212 млн теңгеден асты,-депатапөтті ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

💵Қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылды. Тергеу жалғасуда.Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.🔨фото: Видеодан кадр

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика