Бүгін таңертең Алматыдан Астанаға орындалуы тиіс рейстің Аламыт әуежайнав қайта қонғанына қатысты Эйр-Астана компаниясы мілімдеме жасады, -деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен аттандырылады.
17 желтоқсанда Алматы-Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісінің пайда болуына байланысты экипаждың шешімі бойынша ұшу әуежайына оралды.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07: 40-та штаттық режимде орындалды,-делінген әуекомпания берген ақпаратта.
Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды.
Сонымен қатар компания жолаушылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10: 15 — те аттандырылатынын атап өтті.
Осы оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіледі.
