18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
