Облыс аумағында денесі табылған үш адам 13-14 желтоқсанда болған боран кезінде жолға шығып адасып кеткендігі анықталып отыр, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл тура жергілікті «Орал апталығы» сайты жазды.
Бірінші 57 жастағы ер адамның денесі адамның денесі Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңынан табылған. Сондай-ақ, Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адам өлі күйінде табылып отыр, — делінген БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Алдын -ала мәлімет бойынша марқұмдар суықтан үсіп қалған.
Сонымен қатар Ақжайық ауданында аяқ-қолын үсік шалған 54 жастағы ер адам тірі табылды. Ол Орал қаласына жеткізіледі.
— Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника жұмылдырылған, — деп мәлімдеді жергілікті билік.
